«Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және техникасымен, мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен және кеңсе керек-жарақтармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 201 бұйрығы (2025.09.11. берілген өзгерістермен)

Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және техникасымен, мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен және кеңсе керек-жарақтармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 201 бұйрығы

(2025.09.11. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2025.23.10. № 618 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 9 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдарды телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдарды кеңсе жиһазымен және техникасымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.

ҚР Қаржы министрінің 2025.23.10. № 618 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 9 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары мемлекеттік органдар үшін жылына 1 (бір) қызметкерге 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.

Ақпаратты қорғау, мемлекеттік органдарды құжаттамамен қамтамасыз ету және Республикалық бюджет комиссиясы, ведомстволық бюджеттік комиссия қызметін атқаратын құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері үшін кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары қолданылмайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.